Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Қазан, 2018

Білім саласында жемқорлық деңгейі төмендетіледі

Түркістан облысында білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері бойынша жиын болып өтті, деп хабарлайды Облыс әкімдігінің  баспасөз қызметі.

Шара барысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, ата - аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату мәселелері кеңінен талқыланды.  Отырысқа төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков аймақта білім саласы сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары саналатын сала екенін және Елбасы тарапынан сынға ілінгенін айтып, білім беру ұйымдарының басшыларына жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанымен, білім саласында әлі де болса жемқорлық деңгейі жоғары екенін алға тартып, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында бірқатар нақты ұсыныстарды атады. Атап айтқанда, орталықтандырылған қаржыландыру жүйесін енгізу, мұғалімдерді жұмысқа қабылдауды мектеп директорларының құзырынан алып, бұл жұмысты қоғам белсенділерінен құрылған конкурстық комиссия мүшелеріне тапсыру, мұғалім лауазымы үміткерлері үшін тестілеу бағдарламасын әзірлеу, техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды аутсорсингке беру. «Сондай-ақ, білім беру ұйымдарына мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат туралы ақпаратты сол ұйымдардың баршаға көрінетін жерлеріне іліп қою керек», - деді ол. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры                            Б. Қасымов мұғалімдерді жұмысқа және оқушыларды мектепке қабылдаудағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша өз мектебіндегі тәжірибемен бөлісті. Өз кезегінде, ұлттық бюро Департаменті басшысының орынбасары Ә.Жорабеков білім саласында орын алған қылмыстар туралы баяндама жасап, ұсталған мектеп директорларына қатысты видео түсірілімдер көрсетті.

 

1468 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз