Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Қазан, 2018

АБЫЛАЙХАН МЕКТЕБІ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы еліміздің әр өңірінде жалғасын табуда. Дәстүрлі жобаның жалғасы ретінде Мақтаарал ауданы Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде «Балаларға бірге көмек берейік!» атты ұранмен акциялар өтті. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мақтаарал ауданы білім бөлімі және «Kaz sapa invest» ЖШС-нің демеушілігімен Абылайхан жалпы орта мектебінде оқитын аз қамтылған 65 оқушыға мектеп формасы мен аяқ киімдер таратылды. Сонымен қатар, Мырзакент кенті әкімдігінің қолдауымен аз қамтылған 15 оқушыға оқу құралдары мен мектеп сөмкелері берілді.

Мақтаарал ауданының мәслихат депутаты, Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінің директоры Бауыржан Абиловтың және мектеп ұжымының қолдауымен көмекке мұқтаж тағы 35 оқушы анықталып, оның 20-на мектеп формасы және 15-не мектеп сөмкесі мен оқу құралдары үлестірілді.

«Жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беретін ұлттың ұрпағымыз. Сондықтан, біздің ұжым министрлік бастаған бұл акцияны әруақытта қолдап, түрлі деңгейде қайырымдылық акцияларын өткізіп келеді. Аз қамтамасыз етілген оқушылардың жүзінен қуаныш көру – ол біз үшін бақыт!» - деді Б.Абилов.

Қайырымдылық акцияларына жалпы құны 1 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды.

2666 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз