Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Қазан, 2018

«Нұрлы жол» жобаларын іске асыруға 100 мың адам жұмылдырылды

ҚР Қоғамдық министрлігі жанындағы ҮЕҰ-мен іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесі отырысында Қазақстанның VIII Азаматтық форумының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың орындалуы және осы жұмыстардың қорытындыларын алдағы VIII Азаматтық форумға енгізу үшін және VIII Азаматтық форумды ұйымдастыру кезінде алынған ұсыныстарды енгізу туралы үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің есептерін тыңдады.

ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың ұлттық жоспары ҮЕҰ мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін маңызды құжаттардың бірі болып табылады. Ұлттық жоспардың негізгі мақсаты - Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау, мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың нормативтік базасын жетілдіру болып табылады.

Сондай-ақ, кездесу шеңберінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасайтын уәкілетті тұлғалар институтының сапалы жұмыс істеу мәселелері талқылады. Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасы бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында халыққа және қоғамдық институттарға билік органдарының есеп беруінің жаңа құралы енгізілді. Қазіргі уақытта 334 уәкілетті тұлға бекітілді. ҮЕҰ-дың пікірі бойынша уәкілетті тұлғаларды бекіту мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді төмендетуге ықпал етуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, VIII Азаматтық форум 2018 жылдың қарашасында Астана қаласында өтеді. Форум аясында азаматтық сектор өкілдері үшін бірқатар шаралар, атап айтқанда турлі дискуссиялар, семинарлар, тренингтер өткізу жоспарланып отыр. Форум барысында VII Азаматтық форумның, ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі ұлттық жоспар аясында енгізілген ұсынымдарды жүзеге асыру нәтижелерінің таныстырылымы, сондай-ақ, 2019-2025 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланады.

Форум қарсаңында азаматтық қоғамның даму перспективаларын талқылау үшін бірқатар іс-шаралар, атап айтқанда, Ұлттық онлайн-тыңдау, ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-дың республикалық форумы, Донорлар форумы, әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды бағалау жөніндегі ұлттық конференция және азаматтық қоғам дамуының перспективаларын талқылауға бағытталған басқа да диалог алаңдарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта өңірлік азаматтық форумдар өтуде, оның шеңберінде Астанада өтетін VIII Азаматтық форумға қатысатын делегациялар құрамы бекітілетін болады.

Қазақстанның Азаматтық форумы екі жылда бір рет өтеді. Іс-шара барысында азаматтық қоғамды дамытудың стратегиялық мәселелері талқыланады, алдағы екі жылдың тиісті ұсынымдары мен бірлескен іс-қимылдар жоспары жасалатын болады. Іс-шараның мақсаты - ашық диалог және ҮЕҰ-мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Үйлестіру кеңесі - бұл мемлекет пен ҮЕҰ-мен дәстүрлі, тұрақты диалог алаңы. Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаты тиімді жұмыс істеу басымдықтарын анықтау және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылдың жүйелі саясатын қалыптастыру болып табылады.

1033 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз