Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қазан, 2018

Дүниежүзіндегі ең қауіпті аймақтар

Әлемде көркінен көз сүрінетін,  табиғаты таңғажайып, сонымен бірге өмірге қауіп келтіретін керемет жерлер бар. Бұл көрікті құздар, шыңдар мен жағалаулардың  өлім қауіп-қатері аса жоғары. Мұндай аймақтар адам баласының қолы жетпейтін жерлерде орналасқан.

  1. Сальстраумен (Saltstraumen) Норвегия

Сальстраумен – кішігірім норвегиялық шығанақ. Мұндағы судың көтерілуі аса қуатты және үлкен иірімдерді құрады. Иірімдер алдын-ала дайындығы жоқ қайықшылар мен теңізшілердің өмірін қауіпке тігеді.

  1. Гуфр Берже (Gouffre Berger) үңгірі, Франция

Үңгір жер астынан 1200 метрге жетеді.  Ал оның түбінде үлкен көл бар.  Жаңбыр жауған кезде көл қуысы түгелдей суға толып, қауіпті тұзаққа түседі. Сондықтан осы уақытқа дейін үңгірде көптеген қызыққұмарлар қаза тапты. Ол жерге тек кәсіби спелеологтар ғана түсе алады. Себебі оған апаратын қия жол  техникалық жағынан өте күрделі.

  1. Прекестулен жартасы, Норвегия (Preikestolen)

Норвегияда 10000 жыл бұрын пайда болған тік жартас бар. Прекустелен селфи жасауды ұнататындардың сүйікті орны. Мұнда сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен тіп-тік құздан секіруге құмар бейсджамперлер келеді.

  1. Алып көгілдір үңгір ((The Great Blue Hole)

Бұл алып су асты қуысы Белиз (Belize) тосқауыл кедертасының жағалауында орналасқан. Үңгірдің түбі 108 метр тереңдікте жатыр. Үңгір әлемдегі ең терең теңіз ойығы. Кезінде әйгілі теңіз зерттеушісі Жак Кусто алып көгілдір ойықты әлемге  әйгілі етті. Су астына сүңгу қауіпсіз болғанымен, 40 метрден тереңірек сүңгіген кезде адамда қысымның кемуінен туындаған ауру пайда болады.

  1. Бөкен шатқалы (Antelope Canyon), АҚШ

Бұл таңғажайып жер Америка Құрама штаттарының оңтүстік-батысында орналасқан және жер бетіндегі ең әдемі құз формациясы. Шатқалдың  Бөкен аталуы қызғылт сары, қызыл түсті қабырғаларына байланысты. Жауын-шашын кезінде шатқал жарықтары әп-сәтте суға толып, кез-келген тірі жанды аяқтан тайдырып,  жолынан ағызып кетуі әбден мүмкін.

  1. К2 шыңы, Гималаи

К2 немесе Чогори әлемдегі екінші биік шың. Анапурна шыңынан кейінгі альпинистер арасындағы өрлеу үшін ең қауіпті саналатын тау. Тау бөктерінде экстремалды спортты ұнататын жүздеген  өрмелеушілер қаза тапса да, мұнда әлі де көптеген спортшылар ат басын бұруда. Қыс мезгілінде шыңды бағындыру ешкімнің қолынан келмеген екен. Ал ең қолайлы айлардың өзінде мұнда өмірін қауіпке тіккендердің 25 пайызы опат болады.  Шыңды бағындырған 290 альпинистің 66-сы қаза болған.

  1. Тозақ қақпалары, Түркіменстан. Дарваза, немесе «Тозақ қақпалары»  газды кратерының пайда болуына кеңес геологтарының қатысы болған. Ұңғыманы барлама бұрғылау кезінде опырылу болып, қуыстан сыртқа қарай метанның көп мөлшері бөліне бастаған. 1980 жылы зерттеушілер уытты заттардың таралуын болдырмау үшін газды жақпақшы болған. Нәтижесінде, «тозақ қақпалары» аталып кеткен кратер 40 жыл бойы жануда.
 

5548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз