Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қазан, 2018

Әлеуметтік мәселелер талқыланды

Парламент Сенатының депутаттары Серік Бектұрғанов пен Жеңіс Нұрғалиев Елбасының Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында Лисаковск қаласында жұмыс бабындағы сапарда болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

Депутаттар «Алюминий Қазақстан» акционерлік қоғам филиалының қызметкерлерімен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Білім беру мен медицина салаларында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында осы салаларға бөлінетін қаражатты арттыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сенаторлар Жолдаудағы білім беру саласын жаңғырту жөніндегі алға қойылған міндеттерге жан-жақты тоқталды. Ж.Нұрғалиев өз сөзінде педагог мәртебесін жоғарылату маңызды екенін айтып, мұғалімдерді қосымша түрлі жұмыстардан босату қажет екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сапар барысында депутаттар қаланың бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралап, «Картон-қағаз комбинаты-2015», «ЛисБум.kz», «Спутник-1» серіктестіктері мен қалалық стадионда болды.

871 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз