Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қазан, 2018

Маңғыстау облысы цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшті

Маңғыстау облысы елімізде алғашқы болып аналогты хабар таратуды өшіріп, цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшті. Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тәжібеков пен қатысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жиында сөз алған ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев облыс тұрғындарын цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшумен құттықтады.

«Шежірелі Маңғыстау облысы толығымен цифрлық телехабар таратуға көшкен еліміздегі ең алғашқы аймақ болып отыр. Маңғыстау облысында цифрлық теле хабар тарату үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан да Ералы Лұқпанұлы бастаған жергілікті әкімдік пен «Қазтелерадио» ұжымына атқарылған ауқымды жұмыс үшін алғыс айтқым келеді».

Сондай-ақ, ол республика аумағында таратылатын отандық телеарналар спектрін кеңейтуге мүмкіндік беретінін және цифрлық эфирлік хабар таратудың артықшылықтарына кеңінен тоқталды.

«Біріншіден, бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамның бірі. Екіншіден, осы қадам арқылы мемлекеттік ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жол ашылады. Өйткені отандық арналардың хабар тарату үлесі мен сапасы артқалы отыр. Үшіншіден, Цифрлық хабар таратуды енгізу қала мен ауыл арасындағы ақпараттық алшақтықты төмендетеді» - деді Дәурен Абаев.

Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу шеңберінде жасалған жұмыстарды қорытындылады. Сонымен қатар, ЦЭТХТ бойынша жобаны іске асыру 2015 жылы аяқталғанын атап мәлімдеді. Хабар таратудың жаңа қалыбының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 21 радиотелевизиялық станция құрылысы салынып, жаңғыртылды, бұл өз кезегінде халқының саны шамамен 500 мың адамды құрайтын 47 елді мекенді, яғни облыс халқының 99% қамтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазыргі таңда облысымызда бірқатар жобалар сәтті іске асырылуда, солардың ішінде цифрлық медицина саласы мен қатар телевизия жүйесін цифрландыруда бар. Бұл жоба бойынша республикамызда алғаш болып 2014 жылы Жаңаөзен қаласы цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесіне көшті. Енді міне толықтай жаңа форматқа елеімізде ең алғашқы облыс болып Маңғыстау өтуде. Облысымызда цифрлық телехабар тарату желісінің қамту аумағы 99%-ті құрады. Өңіріміз қазыр аналогтық телехабар тарату желісінің өшіруге дайын.Тұрғындарының саны 5000-нан аспайтын 14 елді мекен жер ерекшеліктеріне байланысты цифрлық тедлехабар тарату жүйесіне тікелей қосылу мүмкіндігі жоқ болмаса да, біз ауылдарды «OTAU TV» жерсеріктік телехабар жүйесіне қосу арқылы 100 % телехабар таратумен қамтамасыз еттік», - деді Ералы Тоғжанов.

Ресми бөлім аяқталар тұста «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасы Искандер Тәжібеков республиканың барлық аумағы бойынша инфрақұрылымның цифрлық эфирлік хабар таратуға көшуге дайындық барысы туралы хабарлады.

«Цифрлық хабар таратуға толықтай көшу үшін бүкіл еліміз бойынша 827 радиотелевизиялық станцияны пайдалануға енгізу керек. Бүгінгі таңда 414 РТС салынды. 2018 жылдың аяғына дейін тағы 130 жуығын аяқтау жоспарлануда. Қалған станциялар 2019-2020 жылдардағы кезеңде аяқталатын болады. Аналогты хабар таратудың толықтай өшірілуі 2021 жылы іске асады», - деп атап өтті Искандер Тәжібеков.

Аналогты эфирлік хабар таратудан цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаға сай, алдағы уақытта Жамбыл мен Түркістан облысы және Шымкент қаласы жаңа жүйеге көшетін болады.

1018 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз