Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қазан, 2018

«Ұлылыққа тағзым»

Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы биыл Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына, Халел Досмұхамедұлының 135 жылдығына, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Ұлылыққа тағзым» атты тарихи-танымдық кеш өткізеді.

Мақсат – «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда тарихи тұлғалардың есімін, еңбегін ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақты ұлтын сүюге тәрбиелеу, таным көкжиегін кеңейту; «Астананың 20 жылдығы» аясында қала жастарының білімін шыңдау. Ұйымдастырылғалы отырған кешке ф.ғ.к., шәкәрімтанушы Омар Жәлелұлы, айтыскер ақын Дидар Қамиев, қоғам қайраткері Берік Әбдіғали, әміретанушы ғалым Жарқын Шәкәрім, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали құрметті қонақ ретінде шақырылған. Кеште сондай-ақ Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері өнер көрсетеді.

1216 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз