Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қазан, 2018

«Саташ» фильмі отандық прокатқа шығады

2018 жылдың 1 қарашасынан бастап, вестерн жанрында түсірілген «Саташ» фильмі отандық прокатқа шығады. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Фильмнің режиссері – режиссер, сценарист және журналист Төлеген Байтөкенов. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Саташ» картинасы қылмыскерлермен шайқасқа түскен ауылдың адал Саташ есімді учаскелік полицейі туралы баяндайды. Ол ауылды басып алған қылмыскерлерге жалғыз өзі төтеп беріп, борышын соңына дейін өтейді. Фильмдегі басты рөлдерді Ақылхан Алмасов, Дина Тасболатова, Шыңғыс Капин және Ержан Нүсіпақыновтар сомдайды. Ұрыс сахналарын қою Бахадыр Жалметов пен «Жал» каскадерлер ассоциациясына жүктелген. Түсірілімдер Алматы облысы, Қапшағай қаласынан 40 км шақырымда орналасқан Бригадир ауылында өткен.

Естеріңізге сала кетсек, «Саташ» фильмі жақында ғана қазанның 12-і мен 21-і аралығында өткен 34-ші Варшава кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысқан болатын. Режиссер Төлеген Байтөкеновтың айтуынша, фильмді тамашалаған польшалық көрермендер мен түрлі елден келген БАҚ өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, картинаның ұнағаны туралы айтқан. Мысалы, SLANT Magazine атты америкалық танымал басылымының киносыншысы Чак Боэн фестиваль барысында «Саташ» фильмін тамашалап, былай деді:

- Аталған кинотуынды әсемділігімен ерекшеленеді. Фильмде бәрі үйлесімді, әр кадрлары орынды, ерекше атмосфераға толы, оқиға желісі де қызықты. Фильмнің соңы да ойдағыдай аяқталады, әр композициясы есте қаларлық. Бұл нағыз заманауи вестерн.

1115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз