Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қазан, 2018

Samsung компаниясы қазақстандық ауруханаларға планшеттер сыйлады

Digital Kazakhstan стратегиясы аясында Samsung компаниясы Астана, Алматы және Түркістанның төрт клиникасына 100 кәсіби «медициналық» планшеттерді сыйға тартты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды. 

Қазақстанды цифрландыру бойынша Елбасы стратегиясы шеңберінде денсаулық сақтау саласын жаңа технологияларға өткізу үшін Samsung мобильдік құрылғысы Damumed кешенді медициналық ақпарат жүйесімен жабдықталған. Бағдарламалық қамтамасыз етуді отандық компания, «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы өз жауапкершілігіне алған болатын.

Жүйеге республиканың Денсаулық сақтау министрлігі порталы, 700-ден астам медициналық ұйымдар, 825 000 қолданушы енгізілген. Онда 65 миллионнан астам құжаттар сақталған.

Samsung планшеттері дәрігерлерге, медбикелерге, фармацевттерге және тағы басқа да медицина қызметкерлеріне арналған. Алдын-ала ендірілген бағдарламалық қамтамасыз ету құрылғысы көптеген жұмысты жеңілдетіп, әрі жеделдетеді, туындаған мәселелерді тиімді шешуде және артық қағаз жұмыстарынан құтылуға септігін тигізеді.

Мәселен, дәрігер емделуші туралы мәліметті планшетке ендіреді, нәтижесінде ақпарат жалпы жүйеде сақталады. Әлбетте, бұл жүйедегі ақпарат басқа да медициналық ұйымдар үшін қолжетімді болмақ. Айталық, бұрын медициналық картаның немесе дәріханаға барар жолда жоғалған дәрігер нұсқауы, көптеген қиындықтар тудыратын. Алайда, көп ұзамай бұл құжаттардың еш қажеті болмасы анық. Қажетті ақпаратқа қол жеткізу үшін, арнайы БҚ орнатылған планшет пен ғаламтор болса жеткілікті.

Алматы қаласының акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының басшысы Динара Мирзахметова 1-ші шілдеден бастап клиника денсаулық сақтау саласын цифрландыру бойынша пилоттық жобаға қатыса бастағандығын және қағаздан заманауи ақпараттық технологияларға көшкендігін хабарлады.

«Егер мысал ретінде анестезиологтарды алатын болсақ, олар ота жасау кабинетінде наркоз картасын планшетте жүргізетін болады, бұл әрине стационарлы компьютерге ендіруден әлдеқайда ыңғайлы», - деді ол.

Бірыңғай ақпараттық жүйе емделушілер үшін де қолайлы. Олар ЖСН ендіру арқылы өздеріне қажетті ақпаратты көре алады. Мысалы, өз денсаулығы туралы ақпаратты көреді немесе қай емханаға тіркелгендігін біле алады.

Әрине, бұл жағдайда құпия мәліметтердің сақталуы туралы сұрақтар туындайды. Ақпараттар қаншалықты қорғалған? Бұл сауалға Samsung былай жауап береді: Планшеттерде алдыңғы қатарлы - ақпараттық қорғаныс KNOX орнатылған. Ол зиянкестерден контенттерді көпдеңгейлі, яғни, бағдарламалық және аппараттық қорғаныспен қамтамасыз етеді. Бұл платформа шет елдерде үкіметтік, оның ішінде қорғаныста және ведомстволарда қолданылады. Сондықтан, жүйенің сенімді қорғаныста екендігін білуге болады.

Samsung өзінің инновациялық шешімдері арқылы, жобада Денсаулық сақтау министрлігі, «ДАМУ» ақпараттық технологиялар орталығы және «Аяла» қорымен ынтымақтастықта бірге жұмыс істеп, денсаулық сақтау саласын дамытуда белсенді қолдау көрсетіп келеді. Сәл ертеректе компания Қазақстанға алдыңғы қатарлы корейлік кардиологтардың келуіне септігін тигізіп, олар мұнда жүрек алмастыру бойынша қиын оталар жасады және жергілікті мамандармен өз тәжірибелерімен алмасқан болатын. Одан басқа, Samsung онкологиялық ауруға шалдыққан балалар ауруханасында интерактивті «ақылды» сыныптар ашты. Кішкентай емделушілер мектепке бара алмаса да, өз қатарластарынан қалып қоймай, сабақтарын жалғастыруға мүмкіндік алды.

1193 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз