Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қазан, 2018

ТАҒАМ, ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі – агроөнеркәсіп кешенінің үшінші буыны екені белгілі. Ал, халықаралық сарапшылардың пікірінше, қонақжайлылық – бұрыннан бері индустрияға айналған өркениеттің іргелі ұғымдарының бірі. Сол себепті, 25-26 қазан күндері Алматы технологиялық университетінде өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбы – «Тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы» деп аталды.

Конференцияға шет елдік жетекші ғалымдар мен мамандар, ғылым және білім қоғамдастықтарының өкілдері, Қазақстан және ТМД елдерінің бейінді кәсіпорындар мүшелері қатысты.

АТУ-дың бірінші проректоры, профессор Бауыржан Нұрахметов құттықтау сөзімен конференцияның пленарлық отырысын ашты. Ол өз баяндамасында тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясына инновациялық жобаларды енгізудің маңыздылығын, сондай-ақ ғылым мен бизнестің өзара тығыз байланысының өзектілігіне тоқталды.

Отырыста Новосибирск технологиялық институтының (Ресей) «Киім технологиясы және дизайны» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Наталья Мокеева, Воронеж мемлекеттік инженерлік-технологиялар университетінің (Ресей) «Жануар текті өнімдер технологиясы» кафедрасының профессоры Людмила Антипова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Әзрет Шыңғысов және «ЭФКО» компаниясының сатылымдарын технологиялық сүйемелдеу жөніндегі сертификатталған менеджері Мария Попова өз баяндамаларымен таныстырды.

Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін қатысушылар 4 түрлі тақырыптағы секциялық отырыстарға тарқады. Секцияларда ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының экономикалық жағы, технологиялық үдерістерді ақпараттық-коммуникациялық басқару мәселелері талқыланды. Пікір алмасу барысында аталған салалардың маңызды мәселелерін шешу жолдары мен әрі қарай зерттеудің кең бағыттары қарастырылды.

Конференцияның екінші күнінде «Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі халықаралық стандарттардың рөлі» және «Жеңіл өнеркәсіп үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудағы қазіргі заманғы үрдістер» тақырыптарында дөңгелек үстел өтті.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша тағам және жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлылық индустриясының даму мәселелері бойынша халықаралық ғылыми ынтымақтастық тәжірибесі жалғасын табады деген шешім қабылданды. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар мен Start-up

жобалары байқауының жеңімпаздары – «IT Solutions center” АТУ командасына сертификат табыстау рәсімі өтті.

Актоты Турсынали,

АТУ Медиа орталығы

1875 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз