Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қазан, 2018

ЕҚЫҰ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстандағы оқыту семинарын аяқтайды

2018 жылғы 26 қазанда Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның мемлекеттік мекемелері мен құқық қорғау органдарының өкілдеріне арналған киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі бес күндік оқыту семинары аяқталды. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі хабарлайды.

Мемлекеттік органдарының он бес ресми өкілі Құрама Штаттарынан келген сарапшылар өткізген ілгері деңгейлі «Компьютерлер мен компьютерлік желілерге заңсыз қол жеткізу» атты курсқа қатысты. Қатысушылар қатарында Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сонымен қатар Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері болды.

Курс барысында қатысушылар желілерге заңсыз қол жеткізудің көпшілігін тергеу бойынша дағдыларға ие болды. Олар Windows командалық жолын және Linux операциялық жүйесін қолданудың ерекшіліктері мен лог талдау туралы білім алды. Қатысушылар киберқылмысқа қатысты зардап шеккендердің, сонымен қатар күдіктілердің компьютерлерін зерттеу әдістерін үйренді.

Барлық қатысушылар ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған тренерлерге арналған Компьютерлік қылмыстар және электронды коммерция саласындағы қылмыстарды тергеудің негіздері, сондай-ақ Компьютерлер мен компьютерлік желілерге заңсыз қол жеткізу атты тренингтерге қатысқан болатын. Қатысушылар киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі оқыту семинарын аяқтаған соң осы іс-шара барысында үйренген дағдыларына өздерінің сәйкес министрліктері мен мемлекеттік мекемелердегі әріптестеріне үйретеді.

Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисімен Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары Елшілігінің халықаралық күрес және заңдылықты сақтау Бөлімімен, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының Академиясымен және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Тренинг ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің трансұлттық қатерлер, ақшаны жылыстату, лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес және қылмыстық мақсатпен Интернетті теріс пайдалануды алдын алу бойынша іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады.

848 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз