Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қазан, 2018

Таразда Қайрат Рысқұлбековқа ескерткіш орнатылды

Тараз қаласы күніне орай Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

Ашылу рәсімінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, драматург Елен Әлімжан, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мұрат Бердалиев, Қайрат Рысқұлбековтың әпкесі Гүлнар Рысқұлбекова сөз сөйледі.

Жамбыл облысы әкімінің бастамасы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақты қайта жаңғырту жұмыстары 1986 жылғы «Желтоқсан» оқиғасына қатысушыларға деген құрмет көрсету және Тәуелсіздік жолын өскелең ұрпаққа жеткізе отырып, олардың Отанға деген патриоттық сезімдерін күшейту мақсатында қолға алынған.

Саябақта бірқатар жаңа нысандар салынып, ескіргендеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Саябақтың эскиздік жобасын «Табыс Жоба» ЖШС -і  жасаған. Жобаның жалпы сметалық құны – 403,9 млн теңгені құрайды. Жалпы аумағы – 6,5 га. Саябақтың бұрынғы жобасында Қ.Рысқұлбековтың тек бюсті ғана болған. Оның орнына халық батырының толық ескерткіші орнатылды (постаменттің биіктігі – 2,2 м; ескерткіштің биіктігі – 2,8 м).

   

1863 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз