Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қазан, 2018

Түркістан облысының дәрігері марапатталды

Астанада үздік дәрігерлерді марапаттау шарасы өтті. Осы жиын барысында құрметке ие болған 16 дәрігердің арасында Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев та үздіктер қатарынан табылды.

Түркістан облысының дәрігері денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Lенсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Түркістан қаласы емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев үздіктер қатарынан орын алды. Білікті маман сандық медицина саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, инновациялар мен жаңа технологияларға жол ашып, сандық технологияларды қолдана отырып, денсаулық сақтауды өзгертуге кәсібилігі мен дайындығы үшін диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды.

- Бұл тек менің еңбегім ғана емес, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының қажырлы еңбегін жоғары бағалап, мойындау және әрине жалпы дәрігерлердің үлкен командасының жемісі. Бұл марапат облыстың медицина саласы мен сапасын одан әрі дамыта түсуімізге жігер береді, - дейді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Райымбек Тасырбаев.

Айта кетерлігі, Астанада бүкіл әлем елдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін денсаулық сақтау қызметтерімен жан-жақты қамтуға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам ретінде нығайтуға уәде бере отырып, Астана Декларациясына қол қойды.

2564 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз