Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қараша, 2018

ТҮРКІСТАНҒА ПАВЛОДАР МЕН БҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылары келді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді, деп хабарлайды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқарма басшылары облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, «Түркістан облысының тарихи-киелі орындарының орталығы» ғимаратының құрылысы бойынша мәжіліске қатысты.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында салынатын нысандарды талқылап, зерделеуге ең алғашқы болып Павлодар мен Батыс Қазақстан облысының өкілдері келіп отыр. Ол үшін Сіздерге және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке алғысымды білдіремін. Алдымен алаңдағы тарихи ескерткіштердің орналасу тәртібі реттелу керек. Туристерге және қала тұрғындары үшін ыңғайлы болу үшін сауда орындары жұмыс жасап, отбасылық серуендеуге жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. Орталықта бой көтеретін кешендердің дәлме-дәл көшірмесінің биіктігі шамамен 3-4 метр болады. Қойылған тапсырманы тиянақты орындау үшін үшжақты келісімге келіп, жол картасын әзірлейміз», - деді облыс әкімі.

Жиын барысында аймақ басшысы құрылыс жұмыстары биыл басталу керектігін атап өтті.

687 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз