Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қараша, 2018

Түркістан облысының әкімі «Яссы нан» серіктестігінде болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап,  атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы алдымен «Яссы нан» ЖШС-не барды. 2014 жылы іске қосылған жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Тәулігіне 13,7 тонна өнім шығаратын нан зауытында 100 адам жұмыс жасайды. Кәсіпорын басшысы Насиба Атаева ас атасына деген сұраныстың артуына байланысты өнім көлемін де көбейтуге бел байлағанын айтты.
«Бұл наубайхана бастапқыда белгілі бір кәсіпорын жұмысшыларын нан өнімімен қамтамасыз ету үшін құрылған. Уақыт өте келе қала тұрғындарынан біздің өнімге деген сұраныс күрт артты. Нәтижесінде өнім көлемін тәулігіне 30 мың данадан 50 мыңға шығарып отырмыз. Осыған орай жаңа жұмыс орындары ашылып, наубайханамыздың өндірістік қуаты мен аумағы мейлінше ұлғайды. Қазіргі таңда мұнда нанның 40 түрі, шұжық өнімінің 15 түрі шығарылады», – деді Насиба Сабырқызы.
Кәсіпкер өз есебінен жобаға қосымша 800 млн. теңге қаржы құйып, Чех Республикасынан нан жабуға арналған заманауи қондырғылар сатып алған. Бүгінде мекеме Түркістан қаласын нан өнімдерімен толық қамтамасыз етіп, баға тұрақтылығын сақтап отыр.
Бұдан соң аймақ басшысы құрылыс заттарын шығарумен айналысатын «Яссы құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне табан тіреді. Облыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, отандық кәсіпорынның өнім шығару әлеуетімен танысты. «Яссы құрылыс» 2012 жылы құрылған. Қазіргі таңда өндіріс орнында 120 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт жылына 138 000 тонна темір бетон бұйымдарын шығарып, ішкі нарықты отандық құрылыс заттарымен қамтамасыз еткен.

674 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз