Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 08 Қараша, 2018

Денис Улановқа Рио олимпиадасының қола медалі табысталды

Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Денис Улановқа 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталды. Бұл туралы Olympic.kz сайты хабарлайды.

Денис Улановқа екі жылдан кейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Тамаш Аян қола жүлдені тапсырды.  Риода өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық ауыр атлет  85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, нәтижесінде төртінші орынға табан тұрақтаған болатын. Габриель Синкарян есімді румыниялық спортшы екеуінің нәтижесі тең болды, алайда Синкарянның салмағы жеңілболуына байланысты қола жүлде оған тиесілі болды. Алайда, румыниялық спортшының Олимпиада ойындарында тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже беріп, ол спорттан шеттетілді. Рио Олимпиадасының қола медалі ресми түрде Денис Улановқа табысталды.

- Бұл жүлдені тұтастай екі жыл күттім. Әрине, Олимпиада тұғырында тұрғандай сезім болған жоқ. Десе де бұл сәтті де жақсы ойластырып, еліміздің туын көкке көтерді. Мұның бәрі жақсы әсер қалдырды. Қола медаль алғаныма енді сене бастадым. Барлық тексеру аяқталып, жүлдеге қол жетті. Менен медальді қай кезде алғым келетінін сұрап хат жазған болатын. Бірден әлем чемпионатында табыстағанын қаладым, - деді Денис Уланов.

1006 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз