Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Қараша, 2018

МАҚТААРАЛДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Мақтааралда ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында спорттың 5 түрінен «Ұландар достығы ұлт бірлігіне ұласады» атты спартакиада ойындары басталды. Аудандағы этномәдени орталықтарынан құралған командалар кіші футбол, волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, армрестлингтен жарысты. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова ауданның 90 жылдық мерейтойына қарайластырып, арнайы 90 түрлі іс-шаралар өткізіліп жатқанын атап өтті. Сондай шаралардың қатарына  спорттық спартакиада кіреді.

«Құрметті жарысқа қатысушылар! Мақтааралдың тарихы да, кешегі ерлік күресі де, адамдарының қайтпас қайсарлығы мен мұқалмас жігері де барлығы біздің есімізде. Сіздер еңбегімен танымал болған құрыш қолды аптал азаматтардың ұрпағысыздар. Бүгінгі іс-шараны өткізудегі мақсат – жастардың арасында бұқаралық спортты насихаттай отырып, дені сау, рухы мықты, жаһандық бәсекелестікке төтеп бере алатын жас ұрпақты тәрбиелеу. Болашақта киелі Мақтаарал ауданының мерейін асқақтататын Сіздерсіздер! Сондықтан, бүгінгі жарыста белсене ойын көрсетулеріңізді сұраймын», - деді Алтын Күнтуқызы.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Суннат Кенжебаев спартакиадаға қатысушыларға сәттіліп тілей отырып, жарыстың ережелерін, спартакиаданың төрешілерін таныстырып, жарыстың әділ өтуі үшін тәртіп болуы керектігін айтты.

Спартакиадаға ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтегі этномәдени орталықтарынан оннан аса командалар қатысуда.

1339 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз