Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Қараша, 2018

Жансейіт Түймебаев азаматтық секторды Түркістан облысының дамуына үлес қосуға шақырды

Түркістан облысында Қарашаның 7-сінде VIII Үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқан облыстық дәрежедегі   азаматтық форум өтті. Түркістан облыс мәртебесін алғалы бері тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл форумда өңір басшысы өңірдің дамуы үшін азаматтық сектордың қосар үлесі мол екендігін атап өтті. Облыстық әкімшіліктің мәліметіне сүйенсек, аталған шараға жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың  (ҮЕҰ) басшылары мен өкілдері, қоғамдық бірлестік басшылары, азаматтық белсенділер, бизнесмендер мен журналистер қатысты. Форум барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа облысты жасақтау және облыс орталығының Түркістан қаласына көшірілуі – жаңа мүмкіндіктерді ашатындығын атап өтті.  «ҮЕҰ осы жағдайды пайдаланып, облыстың гүлденуіне өз үлесін қосуы тиіс. Қазір өңірде 738 қоғамдық бірлестік тіркелген. ҮЕҰ жұмысын қалада және аудандарда жандандыру үшін қаржылық қолдау жасалып жатыр. Осы форумда біздің еліміздің, киелі Түркістанның дамуына бағытталатын ұлы идеялар мен жаңа бастамалардың негізі қаланатынына сенімім зор», - деп атап өтті ол.

992 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз