Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қараша, 2018

Атырау облыстық әкімдігі мен Қалмақ Республикасы Үкіметі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей арасындағы ХV өңіраралық ынтымақтастық Форумы аясында  Атырау облыстық әкімдігі мен Қалмақ Республикасы Үкіметі арасында серіктестік туралы Келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы тарапынан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, Қалмақ Республикасы  Үкіметі тарапынан Республика басшысы Алексей Орлов келісімге қол қойды. Келісім сауда-экономикалық байланыстарды орнату үшін екіжақты қарым-қатынасты дамытып,  жағдай жасауға бағытталған.
- Туризм саласында өңіраралық ынтымақтастық бастамаларды қолдауға, туристік ресурстарды тиімді пайдалануға, әр аймақтағы табиғи, мәдени мұраларды насихаттауға бағытталады, дейді Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов.
Атырау облысының делегациясы Петропавлда өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына қатысып жатыр.  Делегация құрамында өңірдің кәсіпкерлері, туристік фирмалардың, жергілікті тауарөндірушілердің, "Атамекен" ҰКП өкілдері, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бар.
Форум жұмысына Қазақстан мен Ресейден екі мыңнан астам адам қатысты.

1300 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз