Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Қараша, 2018

Түркістан облысының кәсіпкерлері 323,9 миллиард теңгенің өнімін өндірді

Түркістан облысының 300 өндірістік кәсіпорыны 323,9 миллиард теңгенің өнімін өндірді деп хабарлайды облыстық кәсіптік және индустриальды-инновациялық даму басқармасының бастығы Ғанибет Әубәкіров Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингте. Оның мәліметіне сүйенсек, Кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында биыл жалпы құны  16,8 миллиард теңге тұратын 9 жобаны пайдаға беру жоспарланып отыр. Оның төртеуі пайдаға беріліп те қойған. «Биыл пайдаға берілген жобаларды атап өтетін болсақ, Ордабасы ауданындағы «Green technology industries» қалдықтарды өңдеу, Түркістан қаласында «Golden Camel Group LTD» түйе және бие сүттерін өңдеу зауыты, «Ордабасы ешкі сүт өнімдері» ешкі сүт өнімдерін өңдеу және Қазығұрт ауданындағы «Көрік» алкогольсіз сусындарды өндіру шаруа қожалығы. Сондай-ақ, Түркістан облысында 2015-2019 жылдың кәсіпкерлікті қолдау картасына 426 миллиард теңге тұратын 87 жоба еніп отыр. Бұл жоба арқылы 11 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде», - дейді Ғ. Әубәкіров. Бүгінгі таңда Түркістан олысында 9 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Бұл аймақтың жалпы жер көлемі – 533 гектар. Қазір онда құны 80 миллиард теңге тұратын 61 жоба жүзеге асырылуда. Яғни 3000 жұмыс орнын құру көзделуде. 61 жобаның 22 кәсіпорны өз жұмысын бастады.  

1162 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз