Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 12 Қараша, 2018

Электронды күнделік һәм ұстаз

Өткенде әлде бір жұмыспен жүріп қаладағы ескі мектептердің біріне бас сұқтым, директорымен кездесіп біраз әңгімелесіп әр тақырыпта сөз қозғадық, бір уақытта осы kundelik.kz тің мұңын айтқанда шыны керек әріптестерім үшін жылағым келіп кетті. Жағдай былай мектепте бар жоғы екі кабинетте интернет бар, одан тыс бір екі мұғалімде өзінің модемі бар, басқасы интернетті тек телефон арқылы ғана тұтынады, немесе үйінде... Ал, компьютердің жыры одан қиын, бәрі баяғыда болатын бір адам әрең көтеретін 2006 жылдары көп кездесетін компьютер... Директор алдындағы компьютерді көрсетіп, " шүкір, бұндайдан мектепте оншақтысы бар", - деп қояды,) ал, мұғалімдердің компьютері істен баяғыда шыққан, әйтпесе гүрілдеп-сарылдап, анда санда бір демалып алып қозғалады, шәршаған... Ал, электронды күнделік орындалу керек... Баяғыда электронды журнал деген болып еді, бір бағаны екі жерге қойып шаршаған ек, мынау да соның екінші түрі, құрттың атын жаңылтып малта қойғандай... Енді мұғалімдер істейтін компьютерге кезекке тұрып толтырады... Әттең... Айтпақшы, директоры келесі жылы кап ремонттан өтеміз, сонда бәрін жасап береміз деді, дейді... Сонда Астанадағы мектептің жағдайы осы болғанда шалғайдағы мектептердің жағдайы ше? олардыкін айтудың өзі қиын, кейбірі тіпті... Ал біздің министрлік барлығын онлайн оқытып жібереді, электронды жүйеге көше салады... Содан аяңдап әңгімелесе жүріп, химия зертханасына кірдім, ары қарай айтпасамда түсінікті шығар, бос ыдыстардан басқа ештеңе жоқ... Ал, біз сол пәндерді ағылшын тілінде оқытамыз деп шауып жүрміз... Баяғыда атам, еу, найман сөйлемейді, сайман сөйлейді, жұмыс істемес бұрын құрал сайманыңды түгендеп ал, - дейтін еді... Көрпеңе қарай көсіл дейтін қазақ сөзі және бар... P.S. Мектептің материалдық һәм кадрлік сапасын арттырып алмай ешқандай реформа (бағдарламасы мың жерден мінсіз болса да) іске аспайды... Бәрі сол электронды журнал сияқты далаға шашылған ақша болып ұшады... Әй, бірақ, біздің биліктегілерден жасалған істің нәтижесін сұрау атымен жоқ қой..

Аятжан Ахметжанның фейсбук парақшасынан

2703 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз