Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 14 Қараша, 2018

Түркістан облысында ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша 45 кәсіпорын іске кіріспек

2025 жылға қарай Түркістан облысының кәсіпорындары 58 186 тонна етті өңдеп, экспортқа шығаратын болады. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 29323 тоннаға жеткен болатын. Сондай-ақ, аймақта 43 375 тонна сүт өндіріледі, болашақта бұл көрсеткішті 92875 тоннаға жеткізу көзделуде. Облыс 7195 тонна көкөніс өсіріледі, болашақта оның да көлемін 49 195 тонна жеткізу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен жиында Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Нұрбек Бадырақов мәлімдеген. Басқарма бастығының сөзіне сүйенсек, жоғарыда аталған көрсеткіштер Түркістан облысының Агро өнеркәсіп кешенін  дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламасы аясында жүзеге аспақ. «Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында 107 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың – 38-і ет өнімдерін, 35-і – сүт және 34-і көкөніс өнімдерін өндіреді. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай облыс аумағында ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындар санын 45 бірлікке дейін арттыру көзделіп отыр. Жоспар іске асқан жағдайда экспорт көлемі 2,5 есеге дейін ұлғаймақ», - деді Н. Бадырақов.

919 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз