Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 14 Қараша, 2018

Жетісайда күл-қоқыстың орнына күн электр стансасы салынады

Жетісай қаласының іргесіндегі бұрынғы күл-қокыс полигонының орнында күн электр стансасы бой көтермек. Қуаттылығы 4,8 Мвт-ны құрайтын күн электр стансасының құрылыс жұмыстары биыл басталады. «Компания Кади» ЖШС қолға алғалы отырған жобаның құны - 2,5 млрд.теңгені құрайды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс аумағының жер көлемі 10,7 гектарды құрайды. Аталған инвест жобаның іске асуына германиялық «NW COMP SOLAR GMBX» қолдау білдіргелі отыр. Сондай-ақ, алдағы жылы Жетісай ауданында ресейлік «Авеллар» компаниясының өзіндік қаржысы есебінен қуаттылығы 20 Мвт күн электрстансасын салу жоспарлануда. Жобаға бүгінде әкімдік тарапынан қажетті 40 гектар жер учаскесі машиналық әдіспен суғару каналы жанынан ұсынылып отыр. Сонымен қатар, алдағы жылы ауданда 20 гектарға зәйтүн ағашын отырғызу ойластырылуда. Бұл іске испандық және алматылық кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр. Осы мақсатта аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев кәсіпкерлермен арнайы кездесіп, нәтижесінде жобаға қажетті үш жер учаскесін ұсынды. Алдағы уақытта испандық кәсіпкерлер ұсынылған жерлердің топырақтарын сараптама жасап, қорытындысы талапқа сай келіп жатса, жер телімдерін егістікке дайындауға келісімдерін берді.

Аудан кәсіпкерлері де өңірде бақша дақылдарын қайта өңдеп, дайын өнім шығаруға бағытталған жобаны іске асыруға қолдау көрсетпек. Бұл мақсатта әкімдік тарапынан жобаны іске асыруға қажетті жер учаскесі қарастырылуда. 100 млн.теңгені құрайтын жоба қуаттылығы тәулігіне 10 тонна өнім шығаруға қауқарлы.

2454 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз