Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Қараша, 2018

Созақта тұрғын үй бағдарламасына арналған жиын өтті

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "7-20-25" әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын халыққа түсіндіру мақсатында жиын өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған жиынды аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Әлмағанбет ашып, жүргізіп отырды. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әбенұлы Бауыржан хабарлама жасап, тұрғын үй кезегінде тұрған санаттарға тоқталып, бұл бағдарламаның баспаналы болуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Облыстық филиалының маманы Асанов Жанболат Талғатұлы бағдарламаны несиелендіуге қатысты мәселелерге тоқталды. Тұрғындар тарапынан бағдарламаға қатысты тұрғын үйге қол жеткізу мәселесіне қатысты сауалдар қойылды. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Убайдин Бахтыбек Тоқбергенұлы сұрақтарға жауап беріп, жиынды қорытындылады. Алқалы жиынға ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, мекеме басшылары, білім беру, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

899 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз