Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қараша, 2018

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде суретке түсудің шарттары

Киелі Түркістан жеріндегі Қ.А.Ясауи кесенесіне саяхаттап немесе зиярат етіп келген туристтер мен қала қонақтарына ұялы телефонмен (смартфондар) отбасылық суретке, яғни коммерциялық емес мақсатта фотоға түсуге рұқсат берілген, деп хабарлайды kazgazeta.kz ERNUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Бұнда суретке түсудің өзіндік әдеп-ережелері бар. Тарихи жәдігерлердің жанына музей қызметкерлері тиісті белгілер орнатқан және кесенеге келушілердің жарқылдағы бар фотоаппарат пен ұялы телефонға суретке түспеуін үнемі бақылауда ұстайды. Музей қызметкерлері қатаң ескерту жасап, суретке түсуге рұқсат бермейтін бір жағдай бар! Жарқылдағы бар фотоаппараттың зияны келетін экспонаттар алдында фотоға түсуге тыйым салынады. Сондай-ақ, жарқылдағы бар (вспышка) фотоаппараттан зиян келмейтін экспонаттар алдында түсірілім жасауға болатындығын еске сала кетейік. - Фотоға түсіру қызметі ақылы қызметтер тізбесіне министрліктің бұйрығы негізінде енгізіліп, еліміздің музейлерімен заң аясында жүзеге асырылып келеді. Қазақстан музейлеріне келушілер тарапынан ұсыныстардың көптеп түсуіне байланысты бұл мәселе министрлік жанынан құрылған көркемдік кеңесте Қазақстан музейлері қызметкерлерінің қатысуымен үстіміздегі жылдың 12-қыркүйегінде өткен жиында кеңінен талқыланды. Жиын аясында заңнамалық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды. Көркемдік кеңестегі қабылданған шешімдер негізінде жарқылдағы бар (вспышка) фотоаппартпен зияны келмейтін жәдігерлер алдында коммерциялық емес мақсатта фотоға түсуге болатындығы мәлімденді,- деді «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық- музейінің баспасөз өкілі Дәулет Қожамұратов. Аталған көркемдік кеңестегі қабылданған жаңа қадамдар заңнамалық актілерменен бекітіліп, жүзеге асырылуда.

1913 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз