Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қараша, 2018

Түркістанда«Терең тарихтан - жарқын болашаққа!» aтты пікірсайыс турнирі өтті

Түркістанда «Терең тарихтан - жарқын болашаққа!» aтты облыс  әкімінің жүлдесі үшін республикалық пікірсайыс турнирі  өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен басқарма басшылары, еліміздің түкпір-түкпірінен келген тәжірибелі төрешілер мен жас пікірсайысшылар қатысты.

Республиканың барлық өңірінен 75 команда қатысқан пікірсайыста Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көзделген  мәселелер қаралды. Жастардың бойында коммуникативтілікті арттыру, командада жұмыс істей білу сынды  қасиеттерді қалыптастыру көзделді. Сондай-ақ, аталған шара қатысушылардың сыни ойлау, шешендік қабілетін дамытып, жастарға Түркістан қаласының тарихын тереңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды.  Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жастарды Түркістанды дамытуға шақырды. Ел  болашағының жарқын болуы үшін білімдерін жетілдіріп, көп еңбектену керектігін атап өтті. Ал, турнирге қатысқан жастар замандастарын болашақтың баяндылығы үшін сауаттылыққа, достыққа шақырып, олардың  қоғамдағы рөлі мен маңыздылығын сезінуге шақырды.

Турнир қортындысында үздік  фракциялар мен спикерлер анықталып, олар 700 мың теңге жүлдеге ие болды..

 

744 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз