Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қараша, 2018

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘЖЕЛЕР ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ АУДАННЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Бүгін Мырзакент кентіндегі «Ай-Ару» мейрамханасында әжелер қоғамдық ұйымы Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, салтанатты кешті ашып берді, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

«Киелі Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойын 16, 17 және 18 қараша күндері өткізу үшін дайындық жұмыстарын жасап жатырмыз. Өткенімізден сабақ алып, жаңа құрылған ауданымыздың болашағын дұрыс бағытқа бағдарлау – мерекеміздің басты мақсаты. Сондықтан, ауданымыздың 90 жылдық мерейтойын атап өтудің маңызы зор деп ойлаймын» - деді Алтын Ешанқұлова.

Мырзакент кентінің әкімі М.Ердешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық әжелер қоғамдық ұйымының төрайымы Ш.Құрбанбаева, Елбасымыздың сыныптасы Р.Төлемісовалар салтанатты кеште сөз сөйлеп, ауданның 90 жылдық мерейтойымен барша мақтааралдықтарды құттықтады.

 

987 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз