Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қараша, 2018

Дархан Кәлетаев Азия Даму банкінің Қазақстандағы директоры Джованни Капанеллимен кездесті

Бүгін ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Азия даму банкінің Қазақстандағы директоры Джованни Капанеллимен екіжақты ынтымақтастықты дамыту және кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын алға жылжыту, сондай-ақ ағымдағы жылдың 27-28 қарашасында өтетін Азаматтық форумда АДБ (Азия даму банкі) өкілдерінің қатысуы туралы пікір алмасты.

Дархан Кәлетаев Дж.Капаннеллиге «Жастарға инвестиция, Біз ешкімді назардан тыс қалдырмаймыз» тақырыбындағы халықаралық конференцияға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелері алдағы Азаматтық форумның негізгі тақырыптарының бірі болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, министр Қазақстан Республикасының Үкіметі жанында Тұрақты дамыту мақсаттарын табысты жүзеге асыру үшін «Адамдар», «Планета», «Гүлдену», «Бейбітшілік», «Әріптестік» сияқты бағыттарында ведомствоаралық жұмыс топтары құрылғанын мәлімдеді. ҚР Қоғамдық даму министрлігі «Бейбітшілік» бағыты бойынша жұмыс тобының үйлестірушісі ретінде айқындалды. Осы топтың аясында саяси тұрақтылық, толеранттылық, лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, қоғамдық қызметті көтеру мәселелері қарастырылады.

Өз кезегінде, Дж.Капаннелли Министрді Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өкілдігінің қызметімен таныстырды, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту, жастар және отбасы саясаты салаларындағы жобаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жоспар әзірлеуді ұсынды.

Кездесу қорытындысында тараптар нақты нәтижеге қол жеткізудің маңыздылығын айта келе, сындарлы ынтымақтастықты орнатуға мүдделілік танытты.

Азия Даму Банкі – әлемнің 67 елінде акционерлері бар көпқырлы банк болып табылады. Акционерлердің 48 –і Азия Тынық мұхит аймағының өкілдері, ал қалған 19-ы әлемнің басқа елдерінен. Азия даму банкінің негізгі құралы дамушы елдерге саяси диалог, қарыздар, акционерлік инвестициялар, кепілдіктер, гранттар және техникалық қолдау бойынша көмек көрсету болып табылады. АДБ 1994 жылдан бастап Қазақстанға қолдау көрсете бастады.

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз