Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 15 Қараша, 2018

16,5 миллиард теңге халыққа қалай қайтарылады?

  Үкіметте артық төленген коммуналдық төлемдерді халыққа қайтарудың жолы қарастырылды. Қараша айының коммуналдық түбіртектерінде жылу мен жарыққа төлеген артық қаржымыз көрсетілетін болады. Монополистер жылу мен электр жарығы үшін  халықтың қалтасынан 16,5 миллиард теңгені қаққандығын естеріңізге сала кетеміз.   Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінен кейін 6 күн өткенде Ұлттық экономика министрі халықты жаңартылған және арзандатылған тарифпен қуантуды жөн деп тауыпты. Әзірге тарифтердің нақты бағасы көрсетілмеген. Себебі әр аймақта баға әртүрлі. Осы қыста Астана, Алматы қалаларымен, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындар жылу үшін арзан тарифпен төлейтін болады. Монополистерді тарифтерді заңсыз көтергені үшін айыптағаннан кейін, барлық аймақтарда қоғамдық қабылдаулар ашылды. Халық мұнда келіп коммуналдық қызметтер мен тарифке қатысты шағымдарын айта алады. Премьер-министр жергілікті жерлердегі шенділерге тапсырманың орындалуын қатаң тапсырды. БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР премьер-министрі: – Электр қуаты мен жылу тарифтері – бір проблема. Сонымен қатар, су, газ, телефон байланысы және интернет те бар. бұлардың барлығының тарифін қайта қарап шығу керек. Бұның барлығы жергілікті атқарушы органдардың құзырында болуы тиіс. Баға түскенмен, сапа төмендемеуі тиіс. Ұлттық экономика вице-министріне қатаң сөгіс жарияланып, монополияға қарсы департаменттердің 10 жетекшісіне ескерту жасалды, біреуі жұмыстан қуылды. Келесі кезек монополистердің басшыларына жететін болуы керек.  

2041 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз