Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 17 Қараша, 2018

Тұтас қазаққа ұран боларлық бір кейіпкер сомдай алмадық

Біз киноны бюджетіне қарай бағалайтын боп барамыз, режиссерлер "ақша болмаса атаңның басының жақсы киносы ма?" - деп зіркілдейді. Армандары -әлемді мойындату. Өз халқың көз салмаған шалабайыңды әлем қайтсін? Қазақ киносы үшін 4-5 млн доллар деген түк емес! Тіпті, 4 бөлімді сериалға 80 млн теңге шашып тастай саламыз. 40 млндық, Абылайды атқа теріс мінгізіп, тізерлеткен "Көшпенділердің" бір жетістігі - жөнсіз ысырапқа үйретіп кетті. Патриоттық киноны қаптатқанмен тұтас қазаққа ұран боларлық бір кейіпкер сомдай алмадық. Ал қырғыздар жасады! 1-ақ миллион долларға түсіріліп тұтас халқы тік тұрып көріп, көзінің жасын тыя алмаған картина - "Құрманжан датқа". Қырғыз ағайындардың Ресейге қарсы күрескен Алай ханшасын пір тұтатындары сонша Роза Отынбаева 2011 жылды "Құрманжан жылы" деп белгілеп, қырғыздар жыл бойы ас беріп еді! Қазақстанда бір жылдың Кенесары әлде Әлихан жылы деп жариялағанын көз алдыңызға елестете аласыз ба?

Серік Әбікенұлының фейсбук парақшасынан

2010 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз