Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Қараша, 2018

Адамзатқа асқан мейірімділікпен

Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында халықаралық студент жастар күні қарсаңында «Жан жылуы» атты ән-жыр кеші өтті, деп хабарлайды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев келер 2019 жыл жастардың жылы деп жариялағаны жас буынның рухына жігер бергені анық. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ елімізде ғылым мен білімде ғана емес, рухани ізгіліктің де көшін бастап, жастарға әрқашан да ерекше қолдау көрсетіп келеді Осы орайда Ректор Ғалым Мұтановтың бастамасымен жүзеге асып жатқан әлеуметтік-инновациялық бірегей жобалардың бірі – адамгершілікке үндейтін «Айналаңды нұрландыр» жобасы соның бір айғағы. Еліміздің рухани дамуы мен алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде бұл жоба айтарлықтай өз үлесін қосып келеді.

Ән мен жырға толы кештің шымылдығы ҚазҰУ хорының орындауында Ғ. Мұтановтың сөзіне жазылған Владимир Питерцевтың «Айналаңды нұрландыр» әнімен ашылды.

Студенттер сарайының концерттік залы көрермен қауымға лық толы болған аталмыш кеште мәдениет қайраткелері, ақын, жазушылар, әртістер, ғалымдар мен жалынды жастар болды.

Жан жылуы концерттік кешінде Ғ. Мұтановтың сөздеріне жазылған әсем әндерін белгілі өнер тұлағалары мен  университетіміздің талантты жастары орындап көрермен қауымның көңілінен шыға білді. Солардың бірі ҚазҰУ «Жас таланттар 2018» байқауының жеңімпазы «Бақыт үшін жаралған» әнін орындаған 1 курс студенті Малика Серікхан. Сонымен қатар аталмыш кеште Владимир Питерцевтің, Рамазан Амантай, Бекжан Әшірбай мен академик Досым Сүлеевтің керемет әндері де шырқалды. Сондай-ақ аталмыш кеште  Өктем Алтаев, Өмірқұл Айниязов, Иса Әлимұса сынды танымал өнер тұлғалары мен ВОХ-акапелла топтары да өнер көрсетті.

Кеште орындалған көптеген өлеңдер мен әндер қоршаған ортаның сұлулығы мен мейірімділікке, өмір философиясы мен даналығына арналды.

Концерт барысында танымал опера және эстрада әншісі, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының прфессоры Толқын Забированың орындауындағы «Аңсау», Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының директоры Жанат Кәрмен "Ne prosto Orchestra" симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалған "Мен келемін" атты әндер көпшілік қауымды ерекше сезімге бөледі.

Ғалым Мұтановтың «Жарқыраған жарық» атты өлеңдер жинағы Түркияда, Украинада, Ресейде басылып шығып, Әзірбайжанда фарсиге аударылған аудармалары жарияланды. Сонымен қатар аталмыш жинақ "Shining Light" атаумен ағылшын тілінде "Glagoslav Publications" Ұлыбритания баспасынан жарыққа шыққан болатын. Және де Әлемдегі ең ірі америкалық "Amazon.com" компаниясы өз интернет-дүкенінде "Shining Light" өлеңдер жинағын орналастырған болатын.

Кеш соңында ректор Ғалым Мұтанов көрермендерге өз алғысын білдіріп, студенттерді халықаралық студенттер күнімен құттықтады. Сондай – ақ, поэзия-ой мен сезімді жеткізудің ең қысқа формасы екенін атап өтіп, осынау бір әсерлі кеште орындалған әсем шығармалар арқылы өзінің түпкі мақсатын жеткізгісі келгенін ерекше атап өтті.

1842 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз