Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қараша, 2018

«Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз жиыны өтті

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында - Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Торғаев Бекқали Нұрғалиұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Баспасөз конференциясының барысында ауданда атқарылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған шаралар барысы айтылды.

Алмалы ауданының 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жалпы алғанда әлеуметтік салада және экономиканың нақты секторында оң үрдістердің сақталғандығын көрсетеді. Бүгінде ауданның салық түсімі 229,3 млрд. тенгені құрап, жоспардың орындалуы 102%-ды құрады.

Аудан аумағында 30 960 кәсіпорын тіркелген, оның 16 004-і жұмыс жасайтын кәсіпорын. Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілер саны 28 659, оның 14 788-і жұмыс жасайды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына 15 кәсіпорын қатысуда, жалпы сомасы 4,1 млрд.теңге. «Жібек жолы» бағдарламасы бойынша 10 кәсіпкер жалпы сомасы 369 млн. теңгені құрайтын жеңілдік несиесін алды.

«Индустрияландыру картасы – 2015-2019жж» екінші бесжылдығы аясында 3 компания қатысуда, жалпы инвестиция сомасы 7,3 млрд. теңге («АДЗ» АҚ, «МеталлПромГруп» АҚ, «Корпорация Сайман» ЖШС).

Жаңа өндіріс орындары мен кәсіпкерлік нысандарын ашуға, жаңа жұмыс орындарын құруға ерекше мән беріледі. Жыл басынан бері 2 776 жұмыс орны ашылды.

Ірі және орта кәсіпорындарда жалдамалы жұмысшылар саны 111 290 адам. Бір жұмысшының орташа жалақасы 195 835 теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы «Абылай хан Плаза» сауда-әкімшілік кешені, «Жібек жолы» сауда-құрылыс орталығы ашылды және «Қайсар плаза» әкімшілік нысанының ашылуы жоспарлануда. Жалпы көлемі 201 098 ш.м. құрайды. Тартылған инвестициялар соммасы 48 млрд. теңгені құрап, 1000-нан астам жұмыс орны құрылады.

Аудан аумағында архитектор Ян Гейлдің идеясы жүзеге асырылуда. Осы бағытта биылғы жылы Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары мен Әйтеке би көшесі.Сондай-ақ, биылғы жылы Сайран көлінің шығыс жағалауы ағымдағы жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта Ганди саябағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 11 жерасты өткелдері кешенді жөндеуден өтті.

Аудан бойынша 9 мекенжайда субұрқақ және Панфилов көшесі мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында су ішуге арналған субұрқақ ашылды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 4 спорттық және 5 балалар алаңы ашылды.

Цифрландыру аясында ПИК құжаттарын электронды форматқа ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Е-КСК» жүйесіне 801 көпқабатты тұрғын-үй тіркелді.

Жылу энергиясын үнемдеу мақсатында тұрғын-үйлерде 1021 жылуды есептегіш құрылғылар орнатылды және жыл соңына дейін 569-ын орнату жоспарлануда. 58 балалар ойын алаңы мен 14 спорт алаңы орнатылған 60 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 40 ауланың жобалық-сметалық құжаматтамасы дайындалды және келесі жылға 100 ауланы жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Есептік уақытта жалпы сомасы 12 млн. теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 74 отбасы мен 308 адамға көрсетілді. Бұл мекен-жайлық әлеуметтік көмек, балаларға арналған жәрдемақы және тұрғын-үй жәрдемақысы. Елбасы Жолдауына сәйкес, 2018 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, 42 өнеркәсіптік кәсіпорында төменгі жалақыны көтеру мәселесі қарастырылды (28500 теңге алатын 301 жұмысшы). Алмалы ауданында 36 348 зейнеткер тұрады, оның 61 ҰОС ардагері және мүгедектері, ал 563 ҰОС қатысқандарға және мүгедектеріне теңестірілгендер, 3042 еңбек фронтының қатысушылары. Ай сайын 1672 зейнеткер жалпы сомасы 52 млн. 811 мың теңгені құрайтын әлеуметтік көмек алды. Қарттар айлығы аясында 12 500 адамға, жалпы сомасы 36,1 млн.теңгені құрайтын 300 ге жуық түрлі көмектер мен іс-шаралар ұйымдастырылды.«Халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту - 2017-2020», «Алматы қаласын дамыту – 2020» бағдарламалары негізінде 2130 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Жастар практикасына 117 адам, кәсіби оқуға 156 адам, 124 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды. Аудан аумағында орта білімді 40 мектеп жүзеге асырады онда жалпы саны 31 818 оқушы білім алады. (29 мемлекеттік мектепте – 29 618 оқушы, 11 жекеменшік мектептерде 2200 оқушы).Қалалық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарын дайындау бойынша алдынғы орынды алады, 2017-2018 оқу жылы 338 оқушы қатысып, оның 197 оқушы жеңімпаз атанды. 2018 жылы 22 шағын орталық ашылып, 3-6 жас аралығындағы 296 бала мектепке дейінгі орталықпен қамтамасыз етілді.Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде №18 гимназия ауласында 120 орынға арналған балабақша құрылысы жобасы жүзеге асырылуда. 2018 жылдың шілде айында жалпы сомасы 645 млн. теңгеге №46 гимназияға сейсмикалық күшейту бойынша толық жөндеу жұмыстары жасалынып, № 95 мектеп ауласында жалпы сомасы 171 млн.теңгені құрайтын спорттық кешеннің құрылысы жүргізілуде.

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы аясында, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-і 600 орындық жатақхана құрылысын аяқтады. Сонымен қатар, ҚазМемҚызПУ, АТУ, Қазақ спорт және туризм академиясы, Каспий университеті және Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы жатақхана құрылысын жоспарлануда.

1296 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз