Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қараша, 2018

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты әдістемелік көмек көрсетті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасына Астана қаласы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Философия кафедрасының студенті Бекеева Гулия Нурлыбекқызы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп, тағылымдамадан өтуге келген. Ғылыми зерттеу тақырыбы: «Сакралды география: Жайық мәдени өңірі».

Педагогикалық практика аясында зерттеу тақырыбы негізінде қаладағы көптеген мәдени нысандарға, оның ішінде қаламыздың  тарихынан сыр шертетін Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы музейін көрсетіп, қаладағы орналасқан киелі орындармен таныстырылды.

Алматы қаласы киелі жерлерге бай орындардың бірі. Өйткені, Жетісу өңірі қазақ дүниесінің, қазақтың арғы ата-бабаларының киелі жерлерінің бірі. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осындай жерлер Елбасының бастамасынан кейін  үлкен қасиетті орынға айналып отыр.

Алматы музейінде Жетісу өңірінен табылған қола дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі  құнды заттарын көріп, бүгінде жәдігерге айналған экспозициясымен танысты.

Алматы музейі 2001 жылы ашылған. Бүгінде ол Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұраларының барлық саласын қамтыған ірі ғылыми және мәдени орталық. Музей коллекциялары 35 мыңға тарта экспонаттарды құрайды. Олардың арасында – бейнелеу өнерінің шығармалары, қазақ этнографиясының бірегей жинағы, сондай-ақ қазірде Алматыда тұратын халықтар өкілдерінің этнографиясы, әртүрлі дәуірлер мен мәдениеттер тұрмыстық заттарының коллекциялары, нумизматика, фото және құжаттар бар.

Музей құрамында мәдени және табиғи ландшафт сақталған «Боралдай сақ обалары» әулеттік патшаларды жерлеу кешені бар.

2015 жылы Алматы қаласы музейлері бірлестігі құрылды. Оның құрамына: Алматы музейі, Д. Қонаевтың музейі, Ықылас атындағы халықтық музыка аспаптары музейі, Н.Тілендиевтің музейі, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музейі, Дәстүрлі өнер мультимедиялық орталығы енді.

Мұражай әрбір халықтың рухани байлығы, тарихы, өмір сүру салты, ті­лі, тәлім-тәрбиелік даналығы, ұрпақтар сабақтастығының арқауы, рухани азығының қайнар бұлағы болып табылады.

Бүгінгі таңдағы отандық білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі – халқымыздың төл мәдениетінен, рухани қазынасынан нәр алған білімді, білікті, бәсекеге қабі­летті, дарынды, отансүйгіш тұлғаның қалыптасуы.

Мәдениетімізді тану - алдымен өз-өзіңді танудан басталып, қазақ мәдениеті, оның ішінде қазақ ән өнерін танып білуден жалғасын табады. Сондықтан да болар бүгінде қазақ өнерін зерттеудің, оның материалдарын тәрбие жұмысында пайдаланудың маңызы зор.

Мәдениетті елдерде әрбір мұражайдың тарихы жазылып жинақталады. Қазіргі таңда дамыған өркениетті мемлекеттердің көбісі өз мұражайларының сән-салтанатын арттыру арқылы әлемге есіктерін айқара ашып отыр. Расында да, мұражай ұлттық мәдениеттің кірер есігі, қара шаңырағы іспетті. Көне жәдігерлер мекенінің босағасынан аттаған қарапайым адамнан бастап, лауазымды тұлғалар болсын, мемлекет басшылары немесе шетелдік қонақтар елдің, халықтың бай құнарлы мәдениеті жөнінде түсінік алады. Мұражай тек құндылықтар сақтайтын қойма немесе сол құндылықтарды көрсететін көрме ғана емес. Ең алдымен, ол – ұлттық ғылыми-зерттеу мекемесі.

Осы орайда Алматы музейі өткен тарихымызды еске түсіріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа мәдени таным мен жәдігерлерді жинақтап зерттеу арқылы өз үлесін қосып келеді. Мұражайдағы жәдігерлер болашақ жастарды патриоттық рухта, өз елінің мәдениетін, тарихи танымын тереңдетуде  септігін тигізуде.

Өз кезегінде білім ордасының тәлімгері мұражайда алған өз әсерімен бөлісіп, керемет көңіл күймен тарқады.

Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы,

Исмағамбетова Зухра Нұрланқызы  

         

 

295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз