Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қараша, 2018

АҚШ-та ауырсынуды басатын ең күшті дәріге рұқсат берілді

Америкада әсері морфинмен салыстырғанда 1000 есе күшті жаңа дәрілік затты ресми түрде енгізді. Белгілі болғанындай, медициналық дәрі-дәрмектің әскерилер арасында сұранысы жоғары болмақ. Өйткені ол жарақат алған жауынгерлерге кеңінен қолданылмақ. Дәрі-дәрмек госпитальдарға жеткізіліп, қазіргі кезде қолданылып жүрген дәрі-дәрмектерді алмастырмақ. Саудаға 2019 жылы түседі деп жоспарланған.  Жаңа медициналық препарат еркін сауда-саттыққа егенімен, оны тек арнайы мамандандырылған медициналық мекемелер ғана сатып ала алады.  Бұдан бөлек, дәрілік затты 72 сағаттан артық қабылдауға тыйым салынған.  Алайда жаңа дәрінің қарсыластары оның ауруханалар шегінен шығып, апиын індетінің жаңа толқынын тудырады деп қауіптенуде.

Бұған дейін бірқатар сенаторлар дәрі-дәрмекті қолдануға үзілді-кесілді қарсы болған. Өйткені олардың пайымдауынша,  морфиннен 1000 есе күшті дәрі адамдарда ауыр физикалық тәуелділік тудырады. Жағымсыз әсерлеріне себепсіз шаршау, тыныс алудың қиындықтары, күйзеліс жатады. Ал тәуелділік пен жағымсыз әсерлері асқынған  жағдайларда мезгілсіз өлімге әкелуі де мүмкін.

1333 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз