Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қараша, 2018

Әлемде көзілдірік тағатын адамдардың саны екі есе артады

Лондондағы (Ұлыбритания) Корольдік колледждің мамандары адамдар арасындағы көздің нашар көруі секілді дерттің  кең таралып жатқанын айтып, дабыл қақты. Мысалы Қытайда миопиядан жастардың 90 пайызға жуығы зардап шегетіні анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, адамдар қоршаған орта мен таза ауада өткізген уақыттың маңыздылығын жете бағаламайды. Зерттеулердің едәуір бөлігі жүйелі серуендеу балалардағы алыстан көрушілік дертінің пайда болу қаупін төмендететінін дәлелдейді. Өйткені балалар серуендеп жүрген кезде үнемі алдына емес, алысқа қарауға мәжбүр. Даладағы серуен гаджеттерден алыстатудың тағы бір тиімді тәсілі болып табылады. Ғалымдар сондай-ақ  табиғи жарықтың пайдалы әсерін  де еске  салуда.

Сарапшылардың пікірінше, жақыннан көргіштіктің пайда болу ықтималдылығына тұқым қуалаушылыққа қарағанда қоршаған ортаның әсері молырақ. Ұлыбританияда 1994-1996жж жылдар аралығында туған екі мыңға жуық егіздерге жүргізілген зерттеулер бірқатар қауіп-қатерлерді анықтады. Осылайша, жаз айларында дүниеге келген балалардың жақыннан көргіштікке екі есе жиі шалдығатыны белгілі болды. Бұлай болудың себебін ғалымдар жазда туған балалардың мектепке қатарластарынан бұрын  баратындығында болса керек, деп болжады. Білім деңгейі анағұрлым жоғары аналардан туылған балалар миопия дертіне 33 пайызға жиірек шалдығады. Сондай-ақ көздің көру қабілетінің нашарлауына компьютерлік ойындарға шектен тыс тәуелділік те  әкеледі.  Бұған дейін көру қабілеті мен денсаулықтың нашарлауына гаджеттер кінәлі деп танылған болатын.

2414 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз