Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2018

Астана жастары мұқтаж және жалғызасты жандарға көмек көрсетуде

Биылғы жылы Астана қаласында қыстың ерте және қарлы келуі, жер үйде тұратын жалғыз және қарт адамдардың түскен қарды тазалау мүмкін еместігіне әкеліп соқты. Бұл туралы «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана қаласының әкімдігі «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы мәселені шешу мақсатында «Күтім мекен-жайы» жобасын жариялады.

Осы жоба мұқтаж адамдарға арналған.

2017-2018 жылдары халықтың (соғыс ардагерлері, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдар) әлсіз топтарының үй аумағын қардан тазалау мақсатында 15-ге жуық акция жұмыстарын жүргізген. Астана қаласының әкімдігі «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көктемгі мезгілдерде және жаздың басында өз еркімен адамдар халықтың әлсіз топтарына үйлерін жинау мен тамақ әкелумен көмектесті. Қазіргі уақытта еріткілер 21-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырды.

Жоба 2014 жылы басталған, қазіргі таңда 700-ден астам өз еркімен қатысушы бар.

Осы аптада белгіленген мекен-жай бойынша еріктілер жұмысқа шықты. Жоба аясында жалғыз басты әжейдің ауласын қардан тазартуға Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, еріктілер және колледж студенттері жалғыз түратын қария әженің үй аумағын тазалап беруге көмектесті. Қатысушылардың пайымдауынша, бұл жоба азаматтық үстанымның күшейуіне, қария адамдарға мен әлсіз топтарға қамқор болуға және мейірімді болуға үйретеді.

Егер де сіз осындай көмекке мұқтаж адамдардың мекен-жайын білсеңіз, келесі байланыс арқылы бізбен хабарласыңыз:

Instagram – astana_jastary

Байланыс тел. – 8 7172 24 95 72

E-mail - kgu.astanajastary@mail.ru

1623 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз