Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерімен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы түсіндірілді

Атырау қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасының аясында Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын ілгерілету бойынша «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – жалпыұлттық тарихи сана негізінде халық бірлігін нығайту, Мемлекет басшысының елдің өткенін, қазіргі кезі мен болашағын тұтастай қабылдауды қалыптастыру жөніндегі идеяларын ілгерілету болып саналады.

Во встрече с военнослужащими приняли участие писатель, член союза писателей Казахстана, кандидат филологических наук, переводчик Камал Альпеисова и философских наук Казбек Казкенов.

Әскери қызметшілермен кездесуге Қазақстан жазушылар кеңесінің мүшесі, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы Камал Альпеисова мен профессор, академик, филология ғылымдарының докторы Казбек Казкенов қатысты. Олар әскерилерге «Қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі», «Қазақ салттары – ұлт коды», «Жаңа ұлттық әліпби және мемлекеттік тілдің болашағы» тақырыптарында зор қызығушылық туғызған баяндамалар оқыды.

Жалпы, «Қазақтану» жобасына ҚХА XXVI сессиясында бастама жасалған және қазақстандық этностардың мәдениеттерін өзара байытуы, қазақ халқының гуманистік дәстүрлері мен рухани құндылықтары негізінде қоғамдық сананы жаңғырту процесінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. «Қазақстану» жобасының шеңберінде лекторийлер жалпы алғанда 5000 астам адамды қамти отырып, 17 елді мекенде өтті.

2189 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз