Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қараша, 2018

Журналистер арасында боулингтен жарыс өтті

Алматыда ҚР Тұңғыш  Президент  күніне  орай боулингтен  арнайы  қазақ журналистері арасында дәстүрлі жарыс өтті.  Жарысқа "Bugin Holding компаниясы мен Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы және «ИнтеллектУМ» компаниясы демеушілік жасады. Ал шараны "Қазақ журналистер чаты" ұйымдастырды. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға 60-қа жуық журналист қатысты. Күнделікті ақпарат майданында жүретін журналистер қауымы бүгін бір серпіліп қалғандай. Еркін форматта өткен шарада олар боулинг ойыны арқылы өздерінің көз мергені де бола алатындығын көрсетті. Байқау соңында жеңімаз журналисттердің есімі белгілі болды. Сонымен, бірінші орын - Ернар Алмабек (Массагет), екінші орын - Жарас Ниязбек (31 арна), үшінші орын - Нұргелді Әбдіғани  (Абай.кз) ие болды. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар беріліп, құрмет көрсетті. Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (суреттерді түсірген автор)    

2265 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз