Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 30 Қараша, 2018

Туған елге тағзым

2018 жылғы 29 қараша күні ҚР Ұлттық музейінде Тұңғыш Президент күніне орай «Туған елге тағзым» атты мектеп оқушылары арасында патриоттық әндер байқауы өтті. Бұл туралы «Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Музейі» РМҚК баспасөз бөлімі хабарлайды.

«Туған елге тағзым» атты байқаудың негізгі мақсаты жасөспірімдерді патриоттық тәрбиемен сусындатып, отансүйгіштікке, еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, оларды егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау болып табылады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасындағы талантты жастарды анықтап, оларды марапаттау, шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап, үлгі етіп көрсету болмақ.

ҚР Ұлттық музейі директорының Кеңесшісі Марал Балтышев: «Тұңғыш Президент күніне орай бүгінгі байқаудың балалар үшін маңызы зор. Нағыз таланттар мен дарынды оқушыларды анықтаумен қатар, патриоттық мазмұнда жазылған туындыларды орындау шеберін, жеткіншектердің туған еліне деген тілек-ықыластарын байқап көрмекпіз. Барлығына сәттілік тілеймін!», - деді.

Байқау екі номинация бойынша өткізілді:

1. «Менің тұңғыш Президентім» тақырыбында үздік өлең;

2. «Ән-жырымның арқауы — Туған ел!» тақырыбында үздік ән;

Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық кодымызды сақтай білуіміз керек. Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса ешқандай жаңғыру болмайды. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті «Туған жер» бағдарламасын ұсынамын. Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.Ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Есімі ел есінде қалған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», -деген болатын.

Жас жеткіншектердің өз Отанын сүйіп, өз тарихын біліп, елі, жеріне деген құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқау өз мақсатына жетті.

Қазақ Ұлттық өнер университеті Мәдениет қайраткері, профессор Майра Тұрлыбекқызы Даулетбақ, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің руханият бөлімінде тілші Ұларбек Нұрғалым, ҚР Ұлттық музейінің Баспасөз хатшысы Дәулеткерей Құсайынов осы байқауға әділ-қазылар мүшесі ретінде қатысты.

2000 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз