Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Желтоқсан, 2018

Олжас Сүлейменов жаңа қызметке келді

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері Олжас Сүлейменов «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы қызметіне тағайындалды.

«Бүгін ерекше ықыласпен «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» ғылыми ұйымның ұжымына жаңа басшыны таныстырдым. Ол адам - әлемдік деңгейдегі ірі де құрметті тұлға Олжас Омарұлы Сүлейменов. 2013 жылы Олжас Омарұлы Сүлейменов өте маңызды қадам жасап, ЮНЕСКО мінбесінен мәдениеттерді жақындастыру онжылдығын жариялау туралы ой тастады. ЮНЕСКО бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясында арнайы бағдарлама қабылданды. Ал Бас конференцияның 38-сессиясы аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ЮНЕСКО штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде Алматыда Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру идеясын ұсынды», - деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  өзінің Фейсбуктегі парақшасына.

Айта кетсек, "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі 2016 жылы құрылған болатын.  Осы уақытқа дейін аталмыш мекемені арxеолог-ғалым Карл Молдаxметұлы Байпаков басқарған болатын.

1414 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз