Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Желтоқсан, 2018

Алматы облысында 40 кәсіпорын өндірістерін жаңғыртты

Биылғы жылы 40 кәсіпорын өндірісті жаңғыртып, соның нәтижесінде тауар айналымының экспорты 23,5% немесе 274,2 млн. АҚШ долларына өсті. Бұл туралы бүгін Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңірде экспортпен айналысатын кәсіпорындар саны - 21, олардың саны әлі де артады. «Мәселен, еліміздегі өңдеуші кәсіпорындардың импортталатын үздік 10-дығына кіретін тауарлардың 7 түрін біздің кәсіпорындар шығара алады», - деді А. Баталов.

Облыс басшысы Жолдауда айтылған өңдеуші өнеркәсіп пен шикізаттық емес экспортты қолдауға қарастырылатын 1 трлн. теңге көлеміндегі қосымша қаржы кәсіпорындардың экспортты ұлғайтып, импорталмасумен айналысуларына мүмкіндік беретінін де атап өтті.

 

183 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз