Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Желтоқсан, 2018

Есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі заңнамаға түзетулер қаралды

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Заң жобасы мемлекеттің қазіргі замандағы есірткі қылмысының жаңа қатерлері мен қауіптеріне қарсы қабылдаған шараларын қамтамасыз ету үшінесірткіге қарсы заңнама жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Қылмыстық кодекске және «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы», «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі.

Енгізілетін өзгерістер заңның ұғымдық бөлігін нақтылауды және «есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер», «сутегі, галогендер және (немесе) гидроксильді топтар атомдарын олардың алмастырғыштары» ұғымдарын енгізуді көздейді. Еліміздегі бақылауға жататын есірткі, психортроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестені және сутегі атомдарын алмастырғыштар тізімін бекіту құзыреті республика Үкіметіне беріледі. Одан басқа, заттарды еліміздегі бақылауға жататын есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларға және сол тектестер тізіміне жатқызу негіздемесі мен тәртібіне толықтыру енгізілді. Жаңа ережелер нарықта пайда болған жаңа психикалық белсенді заттарды елімізде тыйым салынған есірткі құралдарының тізіміне жедел түрде қосуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

1902 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз