Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Желтоқсан, 2018

ЕҚЫҰ Қазақстанда тәуекелдерді профильдеу техникалары бойынша полиция инструкторларын оқытуда

2018 жылы 13 желтоқсанда Қарағандыда бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қолданылатын тәуекелдерді профильдеу техникалары бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған тренерлер үшін ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған үш күндік тренинг аяқталды. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі хабарлайды.

ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 30-ға жуық орта буын офицерлері бұқаралық іс-шаралар барысында ықтимал қылмыскерлерді анықтаудың психологиялық техникалары туралы білді. Сарапшылар тәуекел профильдерінің элементтерін анықтау, топтың психологиясы мен агрессивті топқа психологиялық және коммуникациялық әсер ету әдістеріне ерекше көңіл бөлді. Сонымен бірге қатысушылар полиция бөлімшелері арасындағы ақпаратпен алмасуды жақсарту және топтық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында тәжірибелік жаттығуларда өзара әрекеттесті.

Офицерлер бұқаралық жиындардың басшыларымен келіссөздерді жүргізудің әртүрлі тактикаларымен танысты. Бірнеше практикалық жаттығулар қатысушыларға жаңа дағдыларды қолдануға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында полиция нұсқаушыларына арналған бейресми практикалық басшылық қарастырылды.

Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ішкі істер министрлігімен бірлесе ұйымдастырылған тренингті жеке сектордан келген сарапшылар өткізді. Аталған курс Академияның нұсқаушылары өзінің қажетті білімдерін әріптестеріне осындай тренингтерді ұйымдастыру үшін арнайы әзірленген.

Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қауіпсіздікті нығайту, есептілікті арттыру мен бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында озық практикаларды ілгерілету бойынша қызметінің бөлігі болып табылады.

1283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз