Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Желтоқсан, 2018

Павлодар облысында «ақылды» сиырлар пайда болды

Beeline ауыл шаруашылығына арналған «ақылды» технологияны таныстырды. Цифрлы технологияның артықшылығы, сондай-ақ оны енгізу әдістері ұялы байланыс операторының Алматыда өткен Агротехникалық Саммит аясындағы панельдік сессиясының басты тақырыбы болды. Бұл туралы Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі хабарлайды.

Beeline IoT(Бұйымдар Интернеті) экожүйесін салуда, ол жайылымда жүрген малдың жүрген жерін анықтауға, жануарлардың күйін қадағалауға мүмкіндік береді. Технология мәліметтерді жолдаудың Narrow-Band IoT (NB-IoT) стандартын пайдаланады, ол мобильді байланыс желілері арқылы «Бұйымдар интернетін» кеңінен дамыту үшін арнайы жасалған.

«Қолданатын жүйеміз басқаларынан арзан, құрылғы автономды режимде ұзақ уақыт (бірнеше жыл) жұмыс істеп, алыс ара қашықтыққа деректерді жібере алады және Beeline желілерінде жұмыс істей алады. Павлодар облысында сынақтық аймақты аштық, бастапқы кезеңнің өзінде IoT технологиясын ауыл шаруашылығында қолданудың фермерлерге тигізетін пайдасы көрініп тұр», - деді Beeline Қазақстанның IoT-ты дамыту қызметінің жетекшісі Марат Аукетаев.

Павлодар облысындағы сынақтық жобаның негізгі міндеті – IoT технологиясы арқылы сүт фермасының тиімділігін арттыру. «Бұйымдар интернетін» қолданудың арқасында сауын сиырлардың күйін қадағалап, пайдасын арттыру және кәсіпорынның операциялық тиімділігін 30%-ға дейін көтеру. Тиімділікті арттыруға арналған технологияны қолданғысы келетін, Қазақстанның басқа да шаруа қожалықтары жобаға қызығушылық танытуда.

NB-IoT технологиясын қолданудың негізгі артықшылықтары – жоғары деңгейлі қауіпсіздік пен жиіліктің лицензиялы диапазонында жіберілетін деректердің кедергілерден қорғалуы. NB-IoT негізгі параметрлерінің қатарында – таралу аймағын жақсарту, энерго тұтынуды азайту (бір батареямен он жылға дейін автономды жұмыс істеу), сондай-ақ құрылғылар құнын төмендету бар. Бір NB-IoT базалық станциясына 100 мыңға дейін IoT құрылғыны қосуға болады, бұл мобильді байланыстың қазіргі стандарттарының мүмкіндіктерінен он есеге дейін көп.

Ауыл шаруашылығына арналған технологиядан бөлек, Beeline «ақылды қалаға» арналған IoT экожүйесін белсенді түрде дамытуда, ол төрт технологиялық бөліктен тұрады: «ақылды құрылғыларға» арналған желі, «бұйымдар интернетінің» платформасы, қолданушы қосымшалары, Big Data негізіндегі сараптама. «Ауқымды деректерді» өңдеуде, IoT машина аралық байланысында және мобильді қаржылық жүйелерде Beeline-ның тәжірибесі мол, ол мемлекет пен ірі бизнеске олардың тиімділігі мен икемділігін арттыра отырып, өзекті қызметтер ұсынады. Компания Қазақстанда «ақылды қалаларды» дамытуға арналған технологиялық міндеттерді шешу үшін халықаралық инновацияларды енгізуді жоспарлап отыр.

Central Asian AgTech Summit 2018 – бұл агросектордағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылар мен бизнесмендердің фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған зерттемелерін, технологиялары мен инновацияларын таныстыратын мамандандырылған іс-шара.

Beeline Business – бұл байланыстың мультисервистік өткізушісі. Beeline Business әдепкі мобильді және тұрақты қызметтер тізімінен бөлек, көптеген digital-өнімдерді: мобильді қаржы, конвергентті қызметтер, мультимедиялық сервистер, соның ішінде ауқымды деректерді талдау қызметтері (Big Data), бұлтті SaaS шешімдер, бұйымдар интернеті, сондай-ақ Mobile Device Management (MDM) және E2E шешімдерін ұсынады.

Beeline Business ТМД елдері мен Италияда, Азия мен Африканың бірқатар елдерінде телекоммуникациялық активтерді қадағалаушы холдингтік компания – VEON-ның жаһандық тәжірибесіне сүйенеді, ол сол нарықтағы жергілікті бәсекелестерді артқа қалдырып, ең озық техникалық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.

953 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз