Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 18 Желтоқсан, 2018

Тәуелсіздік тұғырым

2018 жылғы 13 желтоқсан күні Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Іс-шараға барлық салалардың кәсіподақтар ұйымдарының мүшелері, ардагерлер, жастар, әкімдік өкілдері мен мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен партиялар өкілдері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Жиында «Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әбілқасым Үсіпбайұлы Досболов, Кәсіподақ саласының ардагері, облыстың және бірнеше ауданның құрметті азаматы Досыбай Айтбайұлы Шерімқұлов құттықтау сөз сөйлеп, жалпы 37 кәсіподақ мүшесін медальдармен, төсбелгілермен және құрмет грамоталарымен марапаттады. Жиын соңы мерекелік концертке ұласып, сахнада «Қазына» және «Тұмар» би ансамблдері өнерлерін көрсетіп, белгілі әншілер Айжан Таженова, Айнұр Әбілдаева, Гүлнұр Нұратаева, Нұрлан Балтақожа, Женіс Бертаев, Маргарита Кин және «Жігіттер» тобы ән шырқады.

 Серік Елемесұлы

«Шымкент қаласы және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары 

1048 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз