Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Желтоқсан, 2018

Отырарда «Оқсыз» спорт кешені ашылды

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында отырарлықтар көптен күткен «Оқсыз» спорт кешенінің ашылу салатанатына куә болды, - деп хабарлайды Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаевтің қатысуымен ашылған нысан болашақ чемпиондардың ұстаханасына айналмақ. Отырардан шыққан ақындар ғана емес, небір ғұлама ғалымдар, өнер мен спорт салаларының талай додалы бәсекелерде топ жарып жүрген сайыпқыран саңлақтары да абыройын аспандатып, туын көкке көтеріп келеді. Осы жерде бір ғана спорт саласы жөнінде сөз қозғар болсақ, бұл салада қол жеткізіп жүрген жетістіктеріміз де, спортты өркендету жолындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар да аз емес. Осындай игілікті істердің бірі халықтың пайдалануына берілгелі отырған - «Оқсыз» атты сән-салтанаты әбден келіскен көрікті спорттық сауықтыру кешені. - «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ еліміз егемендіктің ең негізгі алғы шарттарын жасай алды. Бәрінен бұрын көп ұлтты, көптілді, көп дінді еліміз халықтың ауызбірлігін сақтауға қол жеткізді. Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың мүддесін ортақтастыра алғаны - қазіргі заманның Ата¬түркі һәм Ұлт Көшбасшысы атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының айқын айғағы еді. Оның нәрлі жемісін түркістандықтардың, оның ішінде отырарлықтардың өмірінен де аңғаруға болады. Атап айтқанда, ауданымызда соңғы кезде бұрын соңды болмаған игі істер атқарылып, бүгінгі таңда жалғасын тауып келеді. Биылғы Тәуелсіздік мерекесі отырарлықтар үшін мол тартуларымен келіп отыр. Әлемнің екінші ұстазы – Әбу Насыр әл-Фарабидің, күш атасы Қажымұхан атамыздың туған жері Отырар ауданында заманауи талапқа сай «Оқсыз» спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне беріліп отыр»,-деді облыс әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев ғимараттың ашылу салтанатында. Спорт кешені әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің кіндік қаны тамған ежелгі Оқсыз қаласының атауымен аталады. Екі қабатты ғимараттың сыйымдылығы 210 адамға лайықталып, 23 спорт үйірмелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, облыстық, республикалық дәрежедегі түрлі спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік толығымен қарастырылуда. -«ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында еліміз бойынша 100 спорттық нысан салу жөнінде айтылған болатын. Елбасы тапсырмасына сәйкес отырарлықтар алғашқылардың қатарында тамаша спорт кешенін пайдалануға берді. Еңселі ғимараттан алдағы кездерде тәуелсіз еліміздің, құт пен кие қонған қасиетті өлкеміздің атын шығарып, әлемге танытатын небір чемпиондар шығатынына толық сенімдіміз», -деді аудан әкімі Ерлан Айтаханов. Жаңа спорт кешенінде Түркістан облысының төрт ауданы мен Шымкент қаласының балуандары қатысқан Түйе балуандардың ақтық сыны өтті. Шешуші сайыста Отырар ауданының намысын қорғаған Жолдасбек Бектұрсынов жеңімпаз атанып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады.

1024 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз