Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Желтоқсан, 2018

"Сиқырлы SMM"

Алматыда  Нұрлан Жанай мен Абзал Досымның "Сиқырлы SMM" кітабының таныстырылымы өтті. Оған еліміздегі БАҚ өкілдері мен блогерлер және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Шараны танымал блогер Садық Шерімбек жүргізді. "Сиқырлы SMM" кітабында әлеуметтік желі туралы құнды мәліметтер жинақталған. Практикалық тапсырмаларды орындап, SMM мамандығын игеруге болады. Авторлардың тексерілген кеңестеріне жүгіне отырып, әлеуметтік желіден клиентерді табуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, кітаптың бірінші таныстырылымы Астана қаласында өткен болатын. "Бұл кітапта біз әлеуметтік желі бойынша соңғы шыққан білімдердің бәрін жинақтап, қорытындылап, ең қажет жерлерін жинақтадық. Интернет әлемінде ақпараттың көптігі сонша олардың ішінен ең керегін табу қиындық туғызатын кезге жеттік. Кітап осымен аяқталмайы, ол ары қара Telegram каналында жалғасады, сондықтан бізбен бірге болыңыздар. Кітап жазып біткенше, әлеуметтік желідегі технологиялар мен трендтер ауысып тұрады деген сөзіміздің  куәсі ретінде, Instagram өзінің дизайнын өзгерткенін айтқымыз келеді. Баршаңызды әлеуметтік желіде белсенді болуға шақырамыз",-дейді кітап авторлары. Аталмыш кітаптың жарыққа шығуына қаржылай және моралдық қолдау көрсеткен Есен Елеукен, Дәурен Бабамұрат, Ербол Серікбай, Біләл Қуаныш сынды азаматтар бар.  Кітап "Қазақ университеті" баспасынан 1000 данамен жарық көрген. Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

3405 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз