Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Желтоқсан, 2018

Жаңа жыл түнінде Астананың мұз қалашықтарында бірқатар шаралар ұйымдастырылады

Жаңа жыл түнінде Астанада қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Сондай-ақ түнде қаланың үш ауданында отшашу болады. Бұл туралы  Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлады.

Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, 31 желтоқсанда «Хан Шатыр» СОСО және елорда әкімдігінің алдындағы қалалық алаңда орналасқан мұз қалашықтарында халықтық серуендер өтеді.

Жиналған қауым сағат 21:00-ден таңғы 03:00-ге дейін түрлі ойын-сауықтарға қатысып, концерттер тамашалайды. Әли Оқапов, Дос, ағайынды Жүгүнісовтер, Ринат Мальцагов, Ziruza, The Limba, «Диарт» тобы, «Килиманджаро» және басқалары өз өнерлерін паш етеді.

2019 жылдың құрметіне түнде «Хан шатыр» СОСО аумағында, Есіл өзенінің жағасында және Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында мерекелік отшашуды тамашалауға болады.

Сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары сырғанақтар мен мұз қалашықтарында, мұз айдындарында демалыстарын қызықты өткізе алады. Биыл «Хан Шатыр» СОСО мен әкімдік алдындағы қалалық алаңда, Ботаникалық бақ аумағында «Astana Winter Land» қысқы ойын-сауық фестивалі ұйымдастырылады. Демалыс және мереке күндері қарда ойнап, сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлерімен суретке түсуге болады. Ал аниматорлар қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Мұнда бәрі ертегідегідей: қар бүршіктері, орман жануарлары, тоқаштан жасалған үйлер, орман түріндегі және Аяз ата мен Ақшақардың мұз инсталляциялары жасалған.

«Astana Winter Land» фестивалінің қонақтарын көңілді аниматорлар қарсы алады. Олар «Көліктер», «Күшіктер патрулі» атышулы мультфильмдерінің кейіпкерлерімен, ергежейлілермен, аққаламен және трольдермен кездеседі.

Мереке күндері бойшаң қуыршақтармен естелікке әдемі суретке түсуге болады. Атап айтқанда, доңыз Пеппа мен Джордж, үрленген аюлар, Тіссіз айдаһар, Грут, Халк, динозавр, Темір адам, үлкен пони, барс, сайқымазақ, Багз Банни қояны, ЛОЛ қуыршағы, Лего Ниндзяго, Легомен, Мауи, Лунтик. Жиналған қауым аққаламен, пингвинмен және кішкентай аю Умкамен ойнайды, фиксик Ноликты, Шрек пен Фионаны, ала тышқандарды, Алладиннің сиқырлы шамының Перісін және Дональд Дакты көре алады.

Астана тұрғындары мен қонақтары пингвиндер мен «Салқын жүрек» мультфильмінен Олафтар флешмобын тамашалай алады. Санта Клаустың костюмін киген барабаншылар да көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Фестивальді ұйымдастырушылар белсенді демалысты ұнататындарға алып хоккей ойынын, үрленген аттарға мінуді, тиіннің дөңгелегінде жүгіруді ұсынады. Халықтың сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері, қызықты ойындар мен флешмобтар әр демалыс және мереке күндері сағат 13.00-ден кешкі 20.00-ге дейін өз көрермендері мен қатысушыларын күтеді. «Astana Winter Land» фестивалі үш мұз қалашығында 2019 жылдың ақпан айының соңына дейін өтеді.

Елордалық мәдениет мекемелерінде Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылатын шаралар жоспары тіркелген.

 

1439 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз