Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 02 Қаңтар, 2019

Поштамен сәлемдеме жіберу тәртібі өзгереді

2019 жылдан бастап пошта арқылы жөнелтілетін жеке тұлғалардың барлық сәлемдеме мен хаттары ашық күйінде қабылданады.

«Қазпошта» АҚ баспасөз мәлімдемесінде көрсетілгендей, «Жеке тұлғалар жіберетін барлық тіркелетін пошта жөнелтілімі «Пошта туралы» ҚР Заңының 39-бабы 2-тармағына сәйкес ашық күйінде қабылданады (тіркелмейтін хаттарды қоспағанда). Заңды тұлғалардың хат-хабарлары бұрынғыша ашық және жабық күйінде қабылданады».

Бұдан былай барлық тапсырыс хат, бандероль және құндылығы жарияланған хат, сондай-ақ сәлемдемені пошта байланысы бөлімшесіне ашық күйінде әкеледі. Бұл ретте, пошта операторы пошта жөнелтілімдерін қабылдағанда, жөнелтушіні сәйкестендіруі және оның деректерін тіркеуі керек.

Сонымен қатар, жөнелтуге тыйым салынған заттардың мазмұны үшін сәлемдемелерді тексерудің мүмкін болмауына байланысты бұл қызмет пошта бөлімшелерінде жүргізілетін болады.

Белгілі болғандай, бұл шаралар пошта қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

1720 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз