Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Қаңтар, 2019

2018 жылдың ең үздік 5 смартфоны

Технология тақырыбында жазатын танымал Fortune журналы 2018 жылдың ең үздік смартфондарын атады. Басты критерий ретінде өнімділік, дербестік және камерасының сапасына алынған.

Басылымның бағалауы бойынша бірінші орынды iPhone XS Max иеленген. Оның жалғыз кемшілігі ретінде бағасы аталған. Журналистер оның үлкен сапалы дисплейін, жоғары өнімділігін, сапалы камерасын және қосымша мүмкіндіктерін жоғары бағалаған.

Екінші орынға көптеген бағдарламалық мүкіндікке ие Google Pixel 3 қойылды. Оның дыбыстық көмекшісі, Night Sight түсірілім режимі мен спам-қоңырауларды бұғаттау бағдарламалары бірегей деп танылған.

Ал, Huawei Mate 20 Pro үшінші орын берілді. Оның сапалы бейне түсіру мен жасанды интеллект, өнімділік пен энергия қолдануды бақылап отыратындығы оң бағаға ие болды.

Төртінші орынды OnePlus 6t смартфоны иеленген. Экранды саусақ ізімен ашу, Night Scape түңгі түсірілім режимі және сапасы мен бағасының сәйкестігі жоғары бағаланды.

Бестікті Samsung Galaxy Note 9 түйіндеген. Оның үлкен сапалы дисплейі және Galaxy Dex док-станциясына қосылу мүмкіндігі  ескерілді.

   

2066 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз